Қазақстан World Botanic EXPO-2016 көрмесінде үшінші орын алды

Қазақстан World Botanic EXPO-2016 көрмесінде үшінші орын алды

Қазақстан World Botanic EXPO-2016 көрмесінде үшінші орын алды

30 қазанда Түркияның Анталья қаласында аяқталған «Анталья ЭКСПО - 2016» халықаралық ботаникалық көрмесінде қазақстандық павильон қатысушы 54 мемлекеттің ішінен үшінші орын алды.

Түркияда алты ай бойы өткен World Botanic EXPO-2016 халықаралық мамандандырылған көрмесінде қазақстандық павильон бақша экстерьері мен интерьерін жасау номинациясында үшінші орын алды. Қазақстандық павильон ең ақпараттық павильондардың бірі, көрме барысында оны 75 елдің өкілі тамашалаған.

Қазақстандық павильонның экспонаттарын ҚР БҒМ Ғылым комитеті жанындағы Ботаника және фитоинтродукция институты әзірлеп, көпшілікке ұсынған. 
Павильон қонақтары палеоботаникалық үлгілер жиынтықтары түрінде жасалған Қазақстанның флорасының тарихымен танысып, «Қызыл кітапқа» енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан сегіз ағаш тұқымдас өсімдік түрін көре алды.

Әлемдегі ең үлкен көрменің өсімдіктерден жасалған үздік павильонын таңдау кезіндегі басты критерийлер павильонның көрме тақырыбына сай болуы, нақтырақ айтқанда, тарихын, биологиялық әралуандылығын сақтау, тұрақты даму мен «жасыл қала» болды.

Марапаттау салтанатында сөз сөйлеген «Анталья ЭКСПО-2016» ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Түркияның азық-түлік, ауыл және мал шаруашылығы министрі Фарук Челиктің айтуынша, 191 күннің ішінде көрмеге 4,5 миллионнан аса жергілікті және шетелдік қонақ келген. Кейбір күндері көрме қонақтарының саны 70 мыңнан асқан.

«Анталья ЭКСПО-2016» халықаралық ботаникалық көрмесі өз жұмысын 22 сәуірде бастаған болатын. Көрме философиясы – «Болашақ ұрпақтың жасыл әлемі», басты тақырыбы – «Гүлдер мен балалар».
Көрме аумағы 120 га құрады, онда 54 мемлекеттің павильоны жұмыс істеді.

дерек: Білім және Ғылым министрлігінің фейсбуктегі парақшасынан

Құрметті қолданушылар Ұлттық Интернет Олимпиада сайтына қош келдіңіздер! ҰИО сайты сіздерді республикалық интернет олимпиадаға қатысуға шақырады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде оқушыларға,студенттерге,мұғалімдерге және топтарға арналып ұйымдастырылады. Ыңғайлы интерфэйсте, білікті мамандардың құрастырған тапсырмаларын орындай отырып көрсеткен нәтижесіне сәйкес сертификаттар, дипломдар мен алғыс хаттарға сол сәтте қол жеткізе аласыз.

Байланыс

messages.links